Алматыда Димаш Құдайбергеннің құрметіне мурал салынып жатыр

Алматыда Димаш Құдайбергеннің құрметіне мурал салынып жатыр

Фото Tengrinews.kz/Тұрар ҚазанғаповФото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне мурал салынып жатыр, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Әншінің портреті Қабанбай батыр және Сәкен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан үйдің қабырғасына салынып жатыр.

Фото © Алихан Сариев

Авторы — Алматының 26 жастағы тұрғыны Батыр Сәдуақасов.

Батыр Алматыда муралды алғаш рет салып жатыр. Бұған дейін ол комикс, кітаптардан көрнекі сурет салған және стрит-артпен айналысқан. Айтуынша, әлемге танымал жұлдыздың суретін салуға өтініш айтқан.

«Мен референсті ұзақ таңдадым. Жүзінде екі қарама-қайшы түстің үйлескен фотосын іздедім. Мысалға, жасыл мен қызғылт, екеуі қарама-қайшы болса да, үйлесіп, беті көрініп тұратындай. Эмульция, аэрозоль баллонын пайдаланып, әдемі қылып салғым келеді. Бұл тапсырыс емес, мұны өнерге деген құрметім үшін жасап жатырмын», — деді суретші.

Алматы әкімдігіндегілер мурал жеке адамдардың бастамасымен салынып жатқанын атап өтті.

https://kaz.tengrinews.kz/oner/almatyida-dimash-kudaybergennn-kurmetne-mural-salyinyip-309897/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *