Шымкентте карантинде жатқандар саны 125 адамға жетті
Шымкентте карантинде жатқандар саны 125 адамға жетті
Олардың 69-ы ауруханаға орналастырылса, қалған 56-сы үйлерінде оқшауланған.
Шымкентте карантинде жатқандар саны 125 адамға жетті, деп хабарлады ERNUR.KZ тілшісі.
Олардың 69-ы ауруханаға орналастырылса, қалған 56-сы үйлерінде оқшауланған. Бүгінге дейін коронавирусты анықтау үшін 12 адамнан сынама алынған. Нәтижесінде корнавирустың ешқандай белгілері байқалып, расталмаған.
Олардың екеуі — Қытай азаматы. Бұл туралы Шымкент қалалық тауарлар мен қызмет сапасын бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, қалада барлық талаптарға сай келетін 170 орын, 680 провизорлық жатын-орын әзірленген. Сондай-ақ, 750 орынды аурухананы дәрі-дәрмекпен ұстап тұруға мүмкіндік бар. 4300 азамат дайындық жұмыстарына резерв ретінде тұр.
http://ernur.kz/shymkent/shymkentte-karantinde-zhatkandar-sany-125-adamgha-zhetti