ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ : БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ТАҢАТАР АУЫЛЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР ҚАШАН ШЕШІЛЕДІ?
ТАҢАТАРДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР ҚАШАН ШЕШІЛЕДІ?
Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы таңатар ауылының тұрғындары өркенниеттің игілігіне қол жеткізе алмай келеді. Ауыл халқы ауыз судың сапасы сын көтермегендіктен, жиі ауруға шалдығып жатырмыз, — деп дабыл қағып отыр. Ал аудан орталығына қатынап, қажетті ем-домын алу үшін ескі жолмен жүруге мәжбүр, деп хабарлады Хабар-24 арнасы.
Таңатар ауылының тұрғындары коммуналдық мәселелердің шешілуін көп күттік, — дейді. Себебі аудан орталығына қатынайтын жалғыз жол небәрі 3 шақырымды құраса да, жөндеу көрмегеніне 15 жылдан асыпты. Осылайша тоз-тозы шыққан қара жол іргедегі аудан орталығын алыстатып отыр. Бір 15 жылдан асып кетті қазір точно қай жылы салынғанын айта алмай тұрмын. Бірақ ол кезде де сапасыз салынған жол еді бұл. Бір ақ слой төселді. Оның өзі 2-3 елі ғана болып салынған. Оның бәрінің тозығы шығып кетті. Біздің осы ауданмен екі ортадағы 3 км жол облыстың балансына өтіп кеткен екен. Аудан оған басын қатырып жатқан жоқ, дейді ауыл тұрғыны Шалхар Қонысбаев.
Табиғи газдың да әлі күнге дейін тартылмауы тұрғындарды әбден титықтатқан. Себебі мұндағы 170 үйдің халқы көмір жағып, ас-ауқатын пешке әзірлеп күнелтеді. Күрмеуі қиын күрделі мәселеге айналған көгілдір отын жұртты өркениет игілігінен айырып отыр. Бары көмір жағады, жоғы қи тұтатып күиелеш күйелеш болып жүргені. Осы сезонға мысалы бір қысқа 10 тонна көмір аламыз. Оның өзі кейде жетпей қалады. Ауа –райына байланысты. Биыл қайта мына қыс жеңіл болғанына Құдай деп Аллаға қуанып отырмыз. Бізге берген жәрдемі бұл. Әйтпесе аяз деген қар деген қырғын болатын. дейді ауыл тұрғыны пернекөз Дәуренбекова.
Заң аясында талап етіп, заман ағымынан қалмасақ деген жұрт, күте-күте тағатымыз таусылды, — деп отыр. Себебі «Қапшағай» су қоймасынан тартылған ауыз суды тұтынған жұрт соңғы уақытта аурушаң болып кеткен. Өйткені ауыл малы суарылатын аймақ та талапқа толық сай келмейді. Тәттігүл Сәмендірова «Іш ауруы да осыдан болып жатыр. Бүйрек ауруыда бәрі осыдан болып жатыр балам. Бір таза су жоқ. Тұндырып қойып, қайнатып банкаға құйып қойып ішеміз. Иісі де бар. Ағызып қойсаңыз иісі де шығады. Одан кейін мынандай-мынандай қызыл құрттар бар. Жыбырлап тұрып осы шелекке түседі. Осы жағдай» деп ашығын айтты..
Аудан әкімдігінің мамандары қордаланған мәселенің жуық арада шешілетінін айтады. Биыл жол, кейін ауыз су мен газды да тартып береміз, — деп отыр. Тек жоспарлы жұмыс кезең-кезеңімен атқарылатындықтан әлі біраз уақыт күтуге тура келеді.Осы Таңатар елді мекенінде жер асты су қорын анықтау бойынша барлау жұмыстары биыл басталады. Облыстық энергетикалық басқармасынан. Былтыр 2021 жылы жобасы жасалды. Биыл сол барлау жұмыстары жүргізіледі. Жер асты су қоры анықталғаннан кейін барып біз ауыз су жүйелеріне қайта реканструкциялау жұмыстарын жүргіземіз. Ауыз су мәселесі, газ мәселесі, жол барлығына жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр, деді Бәйдібек аудандық ТҮКШ,Жолаушылар көлігі және Автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
Таңатар ауылындағы коммуналдық мәселелер шешімін тапқанша тағы 2-3 жылдай уақыт кетеді. Ал осы қиындықтарды еңсереміз деп отырғанда, сығырайған электр жарығының да тұйықталуы жиілеп кеткен. Сондықтан бұл мәселені облыс басшылары назарға алып, тұралаған тірлікті тіктеп берсе екен дейді, — жұрт.
Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов