Кәсіпорындар жұмыс режимін қысқартуға құқылы — министр

Кәсіпорындар жұмыс режимін қысқартуға құқылы — министр

Қазақстандағы жұмыс берушілер қысқартылған жұмыс режиміне өздерінің жеке бұйрығымен көшуге құқылы. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпорындар жұмыс режимін қысқартуға құқылы - министр
«Егер де жұмыс көлемі шектелетін болса, жұмыс берушілер өздерінің бұйрығымен қысқартылған жұмыс режиміне көшуге құқылы. Мұнда аптадағы жұмыс күндерінің саны немесе бір күндегі атқарылатын жұмыс сағаты азаюы мүмкін. Немесе жұмыс күнімен бірге, сағат та азаюы ықтимал.

Бұл жағдайда жұмыс істеп жүрген азаматтар сағатына қарай еңбекақы алатын болады.

Яғни, мысалы аптасына жұмыс күні бес күннен үш күнге қысқартылса, аптасына үш күндік жалақыны алады. Немесе бір күнде сегіз сағаттың орнына төрт сағат жұмыс атқарылса, төрт сағаттың жалақысы міндетті түрде төленетін болады. Толық емес жұмыс күні Еңбек кодексінің 70-бабымен реттеледі», — деді Б. Нұрымбетов.

Бұған дейін министр қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар барлық кәсіпорындар мен мекемелер осы режимге ауысуға міндетті екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ еңбекақы қалай төленетінін айтты.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздан 2020 жылғы 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілді. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарына 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуға тыйым салынды.

https://www.inform.kz/kz/kasiporyndar-zhumys-rezhimin-kyskartuga-kukyly-ministr_a3625629

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *