ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ: ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУҒА АТҮСТІ ҚАРАМАЙЫҚ

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ: ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУҒА АТҮСТІ ҚАРАМАЙЫҚ

Коронавирус індеті елімізде де қаламызда да көбейіп жатқаны алаңдатып отыр.

Басты себеп қарапайым сақтық ережелері мен санитарлық талаптарды сақтамаудан туындап, қауіп еселене түсуде. Әсіресе, соңғы күндері көз көрген, таныс азаматтарға да пандемияның салқыны тигені қатты көңіл құлазытты. Ыстық күнде әрең тыныс алып жүргендер үшін, бұл дерт тіпті ауыр соққы болуда.

Бұл індет респираторлық жолмен жұғатынын дәрігерлер айтып жатыр. Covid-2019 инфекциясын жұқтырған адаммен жақын байланысу — қауіпті дертке шалдығуға әкеп соқтырады.

Инфекция індетті жұқтырған адамнан келесі адамға жөтелгенде, түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы беріледі. Бұл тамшылар заттардың бетіне, есік тұтқасына,басқа да жерлерге түседі. Ол заттарды ұстаған адам қолын жумастан көзіне, мұрнына немесе аузына қолын тигізсе, ауру бактериясын бірден жұқтырады деп мамандар кеңес беріп отыр.

Сол себепті коронавирусқа шалдыққан адамнан аса қашықтықта жүру ерекше маңызды болып отыр.

Қазіргі уақытта ғалымдар вирустың заттардың бетінде қанша уақыт тіршілік ететінін анықтап,оны жою жолдарын қарастыруда. Вирус бір сағаттан бірнеше күнге дейін өміршеңдігін сақтай алады деген болжам бар. Сондықтан вирусты жою және олардың адамға жұғуына жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялық шаралар және антисептикалық құралдарды қолдану міндетті екенін ескеріңіздер!

Қоғамдық орындар мен көшеде,ғимарат ішінде,жұмыс орнында дәрігерлік бетперде киюді ұмытпау керек! Сақтану да науқаспен қатынастан қашық болу да — өз қолымызда, екенін ұмытпайық!

Сақ болайық! Сақтанайық!

Сәкен Мәжінбеков,
М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі» проректоры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *