Елімізде коронавируске шалдыққандар саны — 10 адамға жетті
аңа ғана денсаулық сақтау министрлігі таратқан ресми мәлімет бойынша дәл қазір елімізде коронавируске шалдыққандар саны — 10 адамға жетті.
Оныншы науқас кеше Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген. Ол 1986-жылы туған азаматша.
КСМ: КЕСТЕ: Сонымен індетті жұқтырғандардың сегізі — Алматыда, екеуі — Нұр-Сұлтанда ем қабылдап жатыр. Осы уақытта 1641 адам стационарлық карантинде және 981 адам үй карантинінде жатыр. Сондай-ақ, Қытайдан және көрші мемлекеттерден келген азаматтарды да тексеру жалғасуда. Барлық санат бойынша 2537 адам бақылауға алынған. Оның ішінде «1-а» санатында — 1626, «1-б» санатында — 564, 2-санатта — 347 адам бар. Бақылауға алынғандардың 480-і тексеруден кейін мониторингтен шығарылса, 2057 адам әлі де бақылауда тұр.