Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталды
Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталдыФото:shymkent.gov.kz
2023 жылдың 20 шілдесінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты прокуратураның келісуімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстады.
Дерек бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәлімет жарияланбайды.