Қазақстанда төтенше жағдай: комиссия құрамына кімдер кірді?
ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Комиссияны премьер-министр Асқар Мамин басқарады. Комиссия хатшысы қызметін премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Ғалымжан Қойшыбаев атқарады.
Мемлекеттік комиссия құрамына енгендер:
Президент көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев;
премьер-министрдің бірінші орынбасары — қаржы министрі Әлихан Смаилов;
премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр;
премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов;
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Малик Мурзалин;
ҚР бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов;
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов;
Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров;
Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко;
Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы Қалмұханбет Қасымов;
қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев;
ішкі істер министр Ерлан Тұрғымбаев;
ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев;
әділет министрі Марат Бекетаев;
денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов;
еңбек және халықты әлеуметтік қорған министрі Біржан Нұрымбетов;
индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов;
сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов;
сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді;
ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы 16 наурыз таңғы 8-ден бастап республикада төтенше жағдай жариялаған болатын.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-totenshe-jagday-komissiya-kuramyina-kmder-krd-306172/