Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны 9-ға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны 9-ға жетті

Коронавирус жұқтырғандар саны 9 адам болды. Бұл туралы бүгін ҚР Денаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны 9-ға жетті

«Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 9-ға жетті. Вирус Алматы қаласына Германиядан ұшып келген 2008 жылы туған қыз баладан табылды. Қазір Алматыда вирус жұқтырғандар саны — 7, ал – елордада – 2. Барлығы 9 адам», — деді Диас Ахметшәріп.

Еске сала кетсек  «Хабар 24» арнасында онлайн режімде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 8-ге жеткенін хабарлаған еді. Айта кетейік, қазір Қазақстанда эпидемияға қарсы барлық қажетті шара қолданылып жатыр, соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық іс-шара бар. Карантинге жатқызу үшін төсек орындары әзірленген, медициналық препараттар мен дезинфекциялық құралдар қоры жеткілікті, медициналық персонал толық дайын, сұрақ туындаған жағдайда 1406 нөміріне call орталыққа хабарласу керек. Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда төтенше жағдай режимін енгізу туралы Жарлыққа қол қойғаны хабарланды.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-koronavirus-zhuktyrgan-adamdar-sany-9-ga-zhetti_a3625225

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *