КӨКПАРДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
КӨКПАРДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
Шымкенттегі атшабарында көкпардан ересектер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Төлеби ауданы көкпар федерациясының президенті Зиябек Жеткеровтың жүлдесіне арналған турнирге облыстан жалпы 7 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.Дүбірлі доданың алғашқы айналымында Сайрамдық балуандар Бәйдібектің шабандоздарымен кездесті. Қос тараптың тақымы мықты жігіттерінің ойыны өте тартысты өтті. Дегенмен «Бап шаба ма , бақ шаба ма «демекші Сайрамдықтар жеңіске жетті. есеп 9- 2
фото әлеуметтік желіден алынды
Екінші айналмды Төлеби мен Қазығұрттық жігіттер бақ сынады. Бұл сында Төлебилік шабанжоздар 5-4 есебімен бір ұпай санымен жеңіске жетті. Жартылай финалда Сайрам мен Ордабасылық шабандоздар кездесті. Сансыз бабтар мекенінің жігіттері 7-5 есебімен Ордабасыдан басым түсті. Үшінші орын үшін өткен ойында Қазығұрттық жігіттер Ордабасыдан айласын асырды. Ақтық сында Төлеби мен Сайрамдық шабандоздар кездесті. Бұл додада көпшілікке «Қошқар»лақап атымен белгілі Темірхан Айтпаев қатарынан екі салым салып, командасын алға шығарды. Сайрамдық жігіттер де аянып қалмады. Бақтыбай шырынқұлов пен Нұржігіт Мырзабаев серкені бір-бірден қазандыққа апарып, есепті теңестірді. Төлебилік палуандар да соңғы минуттарға дейін барын салды. Бірақ Сайрамдық жігіттер 12-4 есеп айырмасымен алға шығып, чемпион атанды. Сөйтіп Сайрам бас жүлдені иеленсе, Төлеби екінші орынға тұрақтады. Түркістан облыстық көкпар федерациясының президенті Нұрмахан Жолдасов пен Түркістан облыстық ұлттық спорт мектебінің директоры Ғани Ахметбаев жеңімпаздарды құттықтап, жалпы жарысқа қатысушыларға ерекше алғыстарын білдірді. Ең басты мақсат ұлттық ойында көбірек дәріптеу керектігін атап өтті.