Қасым-Жомарт Тоқаев өзін табанды әрі жігерлі саясаткер ретінде көрсетті — өзбек сарапшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев өзін табанды әрі жігерлі саясаткер ретінде көрсетті — өзбек сарапшысы

 

Қасым-Жомарт Тоқаев өзін табанды әрі жігерлі саясаткер ретінде көрсетті - өзбек сарапшысы

 

ҚазАқпарат — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев — посткеңестік аумақта ғана емес, әлемдік, жаһандық ауқымдағы танымал саясаткерлердің бірі. Бұл пікірді Өзбекстан Ғылым академиясы Тарих институты «Заманауи тарих және халықаралық зерттеулер» бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Равшан Назаров айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстандық сарапшының айтуынша, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси ортада ғана емес, сарапшылар қауымында да үлкен беделге ие.

Сарапшы Президенттің өткен жылдағы басты жетістіктері қатарында сарапшы мемлекеттік бағыттың бірізділігі қамтамасыз етіліп, жаңа ішкі саяси парадигмалар жарияланғанын атап өтті. Биліктің саяси лексиконы өзгеріп, оған «балама», «плюрализм», «кезең-кезеңімен саяси жаңғыру» секілді ұғымдар кірді.

Р. Назаровтың пікірінше, жаңа Президент тұсында жаңа саяси стандарттар пайда болды. «Ресми іс-шаралардың форматы өзгеріп, олар ашық бола түсті. Мұның барлығы — саяси басқару тұрғысынан өте маңызды қадамдар, олар басқарушы мекеменің мінез-құлық моделіне жаңа стандарттар орнатып, билеуші элита үшін талапты күшейтеді», — деді сарапшы.

Оның айтуынша, Қазақстанда азаматтардың негізгі құқықтарын қорғау күшейтілді, мемлекеттік аппараттың басқарылуы мен оның атқару тәртібі сақталды.

Әсіресе, сарапшы тұтас қоғам мен халықтың жекелеген топтарының әлеуметтік көңіл-күйіне бағытталған шаралар кешенін айрықша атап өтті. Мұнда қоғамның мемлекетке деген сенімі мен мемлекеттік басқару тиімділігі артқан.

«Ұлттық идеологияны жүзеге асырудың жаңа басымдықтары анықталды. Биыл философ әл-Фарабидің 1150 жылдығы, ақын Абайдың 175 жылдығы, Алтын орданың 750 жылдығы тойланады. Семей қаласының әуежайына Абай, Атырау әуежайына — ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімі берілді. «Оралман» сөзі қолданыстан алынып, «қандас» термині енгізілді», — деді Р. Назаров.

Жалпы Қазақстан Президенті мен бүкіл әлем алдында экономикалық рецессия мен коронавирус пандемиясы сынды жаңа сын-қатер тұр.

Әлем жаңа қиындыққа тап келген күрделі халықаралық жағдайда Қасым-Жомарт Тоқаев өзін табанды әрі жігерлі саясаткер ретінде көрсете алды.

Фото: trend.az

https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-ozin-tabandy-ari-zhigerli-sayasatker-retinde-korsetti-ozbek-sarapshysy_a3660400

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *