БӘЙДІБЕКТІК ШАРУАЛАР КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ
ЖЕРІ ШҰРАЙЛЫ ҚАРАТАУ БӨКТЕРІНДЕГІ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАП КЕТТІ. АЛШҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП АУДАНДАҒЫ «ЕРСҰЛТАН АГРО» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ ЖЕРГЕ СОҚА САЛДЫ. КӨКТЕМНІҢ ӘРБІР КҮНІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫП ҚАЛУ ҚАЖЕТ ДЕЙДІ ДИХАНДАР. ҚАЗІР ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫНДА 25 ЖҰМЫСШЫ МЕН САҚЫЛДАҒАН 7 ТЕХНИКА ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР.
ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ
МАУСЫМ КЕЗІНДЕ ТІПТІ АУЫЛДАН 50-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОСЫМША ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛАДЫ,ДЕЙДІ ҚОЖАЛЫҚТЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ЕРБОЛАТ МЫРЗАБЕКОВ. ҚОЖАЛЫҚ БИЫЛ 500 ГЕКТАРҒА ЖОҢЫШҚА, 1000 ГЕКТАРҒА АРПА, 600 ГЕКТАР ЖЕРГЕ МАҚСАРЫ ДӘНІН ТАСТАМАҚ. ДАЙЫН ӨНІМ САҚЛАТАТЫН 3 МЫҢ ТОННАЛЫҚ ҚОЙМАСЫ БАР. ҚОЖАЛЫҚ ТЕХНИКАСЫН ЖАҢАЛАП САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІП ЖАТЫ. БЕЙНЕТІН КӨКТЕН ЕМЕС ЕТКЕН ЕҢБЕГІНЕН ТІЛЕП ЖҮРГЕН БӘЙДІБЕКТІК ШАРУАЛАР БҰЙЫРТСА БИЫЛ МОЛ ӨНІМ АЛАМЫЗ,ДЕП ЖЕРГЕ ТЕР ТӨГІП ЖАТЫР.