ТҮЙМЕБАЕВ ЭКОЛОГИЯНЫ ҚАЛАЙ ТҮЗЕТПЕК

ТҮРКІСТАН: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА

ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын орындау мақсатында өткен жылы Түркістан облысында жалпы 147 тексеру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: жоспардан тыс – 109 тексеру; профилактикалық бақылау және қадағалауды жүргізу тізіміне сәйкес – 37 тексеру жүргізілді. Жалпы Түркістан облысы бойынша экологиялық ахуал жіті қадағаланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Экология департаментінің басшысы Имангелді Түймебаев мәлімдеді.


Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 478 экологиялық заңбұзушылық анықталып, оларды жою үшін 397 нұсқама берілген. Сондай-ақ, 255 жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға 13 554 194 теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 185-і өз еркімен 10 372 695 теңге төлем жасаған.

 


«Департаментке облыс аумағындағы жеке және заңды тұлғалардан 99 арыз-шағым қарауға түскен, оның 97-і қаралып, арыз иелеріне толық жауап берілді, ал қалған 2-і қаралуда. Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша экология департаментімен «КентауСервис» МКК арасында және Түркістан қаласында орналасқан «Жылу» МКК арасында жылыту қазандыққа жағатын қатты отынды (көмір) табиғи газға көшу, сондай-ақ озық технологияларды енгізу бойынша қоршаған ортаға эмиссиялардың көлемін азайту мақсатында Меморандумдар жасалды», — деді Имангелді Қансейітұлы.

 


Бұдан өзге, облыс аумағында 192 келісімшарт негізінде 157 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс жүргізеді. Қоршаған ортаға келтірілген залал үшін 122 табиғат пайдаланушыға 73 736 331 теңге нұсқама жолданып, оның 23%-ы өз еркімен мемлекеттік бюджетке төлем жасаған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *