ШЫМКЕНТ: ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Жолдасов Ержан Жақсылықұлы тағайындалды.

 

Ержан Жақсылықұлы 1980 жылы 15 шілдеде ОҚО Бәйдібек ауданында дүниеге келген.
2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2006 жылы «Қайнар» университетін, 2020 жылы РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.
Мамандығы — инжинер- химик-технолог, экономика бакалавры, мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі.

Еңбек жолын «Sigma Brom» ЖШС-інде технолог болып бастаған. 2005-2007 жылдары ІІМ ішкі істер органдарында қызмет атқарған.

2007-2008 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті ұйымдастыру-сараптама және лицензиялау басқармасы лицензиялау және сараптау бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеген.

2008-2013 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті автомобиль және темір жол көлігіндегі бақылау басқармасының сарапшысы болды.
2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті көліктегі бақылау және мониторинг басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды.

2014-2015 жылдары
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті Ситуация орталығының басшысы лауазымында еңбек етті.
2015-2018 жылдары Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы қызметін атқарды.

2018-2019 жылдары
Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы болды.
Ал, 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы болып келді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *