Цой отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сұраққа жауап берді

Цой үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты екенін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзге дейін 10 миллион адамға вакцина салу міндеті орындалмаса, отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сұраққа жауап берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Кез келген үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты. Сол себепті біздің жұмысымызға қандай баға берілсе, сондай шешім қабылданады», — деді Цой баспасөз мәслихатында.

Министр вакциналау жоспарының орындалуы әр қазақстандыққа байланысты екенін тағы бір мәрте атап өтті.

«Вакцина салу – ерікті дүние, сол себепті біз ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Тек түсіндіру жұмысын жүргіземіз, БАҚ өкілдерінен де ақпараттық қолдау көрсетуді сұраймыз», — деді ол.

Бұған дейін Алексей Цой қыркүйекке дейін 10 миллион адамды вакциналау жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді. Ол айына шамамен екі миллион адамға вакцина егілетінін айтты. Алайда жоспар орындалмай отыр: республика бойынша вакциналау қарқыны әзірге төмен.

16 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 587 884 адам вакцинаның бірінші компонентін алды, II компонент 1 480 309 адамға егілді.

https://sputnik.kz/society/20210616/17361240/Tsoy-otstavka.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *