ОШАҚТЫ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ

ОШАҚТЫ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ
2022 жылғы 15 ақпан күні 8 сағат 25 минут шамасында Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар басқармасына Сайрам аудандық әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Сапарбековтен Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі, Ошақты ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №19 А мекенжайда орналасқан «Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі» КММ орналасқан қазандықта жарылыс оқиғасы орын алғандығы жөнінде хабар келіп түсті.


Оқиға орнына Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар басқармасына 3 қызметкер, 1 техника, Полиция басқармасының тергеу тобы, Жедел жәрдем бригадасы 3 қызметкер 1 техника, Прокуратурадан 2 қызметкер 1 техника, жергілікті атқарушы органнан 3 қызметкер, 1 техника жұмылдырылды.
Оқиғаның орын алған нәтижесі бойынша анықталғаны:
Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауыл округі, Ошақты ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №19 А мекен-жайда орналасқан «Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі» КММ орналасқан қазандықта жарылыс оқиғасы орын алып, салдарынан 07.11.1963 ж.т. мектептің от жағушысы Құлыншақов Мұратбек Әлімтайұлы қайтыс болған.
Тұрғылықты мекен-жайы: Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауыл округі, Ошақты ауылы, Ж.Шамет көшесі №21 үй.
Жылыту қазандықтың төлқұжаты:
— СТ ТОО 385919200001-01-2006
— Шыққан жылы: 2021 жылғы желтоқсан айы
— Модель: КСВР-0,2
— Завод нөмірі: №990
Жылыту қазандық ғимараты:
— 2014 жылы соғылған
— көлемі 5х4 шаршы метрді құрайды.
— Қабырғасы кірпіштен, төбе жаппасы плита бетонмен жабылған.
— Қазандық ішінде 2 дана котел қатты отынмен (көмір) жылытылады.
— Қазандыққа 220 В электр тоғы жүргізілген.
— Қазандық мектептен 20 метр арақашықтықта орналасқан.
— Жарылыс салдарынан мектеп ғимаратына ешқандай зиян келмеген.
Қазіргі таңда аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен тергеу амалдары жүргізіліп, сот медициналық сараптама тағайындалды.
Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *