Енжар жұмыс істеп жатыр!

Елбасы үкіметке шағын және орта бизнеске айтарлықтай көмек беріліп жатқанын айтты. «Соңғы кездері біз шағын және орта бизнес үшін қажеттінің бәрін жасап бердік, сонда да оның көлемі артпай отыр.Енжар жұмыс істеп жатырмыз.Барлық жерде»,-деді Президент.
«Заңдардың үстемдігі туралы айттық, заңдарды өзгерттік, бәрін жасадық.Мемлекеттік қызметке таңдау тәртібін өзгерттік, ал мемлекеттік қызметшілердің адамдарға,қарапайым халыққа деген көзқарасы өзгермей отыр.Сондықтан неліктен жұмыс жүрмей жатқанын бәріміз бірге ойлануымыз қажет.Барлығы бар,қаржы белгіленген.Егер қазір тұрғын үй құрылысы,Бес әлеуметтік бастама бойынша да осылай болса, бұл тым жаман болады», — деп қадап айтты Нұрсұлтан Назарбаев.
Жаман болып қойғалы қашан. Хош!!! Неге дейсіз ғой. Үкімет бөлген қаржыны ебін тапқандар мен көкесі барлар алады.Бұны бәрі біледі,бірақ біреуінің батырып шындықты айтуға бұты шыдамайды.Бір ғана мысал жаңадан құрылған Мақтаарал ауданының тұрғыны Ерік Құлдыбаевтың мемлекеттен несие алып азды-көпті өз шаруамды өзім дөңгелетсем,деп жүргеніне жылдың жүзі болды. Қолында барлық құжаттары бар. Кепілге қоятын үйі де бар. Бизнес жоспарын да жасап қойған. Бірақ крышасы жоқ. Күнде тырбыңдап жүріп төрт қойын сатып жол пұл қылып, сол қаптаған құжатты жасады. Күнде барған жерінен еститін бір ауыз сөзі бар.Ол, ертең келіңіз.Мына жерін туралап келіңіз.Біреуін толтырып жүргенде екіншісінің мерзімі бітеді.Сосын тағы шығады мына құжатыңыздың срогы өтіп кетіпті. Осылай жан жақтан жұлмаланған сорлы ақырында аяқтан тозып, өзі ақ қолын бір сілтеп жалаң аяқ өзі ақ безіп кетеді. Аткат пен көке деген жиі айтылады.Міне біздің биліктің халыққа жақындығы.
Елбасы қай уақытта болсын әйтеуір халыққа болысумен келеді. Елге жағдай жасалсын қаржыны бөліңдер жеп жиі айтады.Ұсақ бизнесті дамытуды көздейді. Кейбір іскер азаматтар қолда қаржы болмаған соң жұмысын жүргізе алмай отыр. Азын-аулақ болса да қаржылай қолдау болса шаруасын дөңгелетер еді. Бизнесте бәсеке пайда болар еді. Бәсеке нарықты өзі реттеп алады. Ал, алпауыттар өзіне бәсеке болғанын қаламайды.Үкімет бөлген қаржы қарапайым халыққа қолжетімді болса қымбатшылық та жұмыссыздық та өзінен өзі кемір еді. Бұл мен келтірген бір ғана мысал. Бұндай аяқтан тозып,қаржы ала алмай тұралап жүрген халық толып жатыр.Жұрттың биліктен көңілі қалған. Егер сол азамат ауыз-аулақ болса да үкіметтен қаржы алса өзі үшін тынымсыз еңбек етер еді.Тым құрығанда үйіндегі қатын-қалаш жұмыс табады.Еңбек еткісі келетіндер көп.Бірақ қолдау жоқ.Сол себепті бөлінген қаржының кімдер алып жатқанын ашық көрсетсе барлық мәселенің беті ашылар еді.Сіз айтқан енжарлық халықта емес..

Мансур

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *