Түркістандық оқушылардың 95 пайызы демалыс шараларымен қамтылады
Түркістан облысында жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысынжәне сауықтырылуын тиімді ұйымдастыру мақсатында қала сыртында 24 лагерь мен 905 мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасауда.
Бүгінгі таңда 4 аусыммен баланы қабылдап жатқан қала сыртындағы лагерлерде 15 мыңнан астам бала сауықтырылды. Ал 17 мыңға жуық бала шілде, тамыз айларында аталған лагерлерде демалдыру жоспарланған. Бұдан бөлек, 905 мектеп жанындағы лагерде 193 мыңнан астам оқушы жазғы уақытын тиімді өткізген. Бұл өңірдегі оқушылардың 32,2 пайызын құрайды.
Сонымен қатар, Түлкібас ауданындағы «Самал» лагерінде облыстағы бес балалар үйінің 350-ге жуық тәрбиеленушілері жаз бойы демалады.
Бұған қоса, жаз бойы балалардыэкскурсия, саяхатқаапару жұмысы жалғасын табуда. Мәселен, республикалық өлкетану акциясы аясында 200 бала маусым, шілде айларында«Астана – менің Отанымның елордасы» атты әлеуметтік жоба негізінде Астана қаласына саяхатқа жіберілді. Ал, туған елдің мәдениеті мен тарихын неғұрлым терең зерделеу, тарихи орындардың алуан түрлілігі мен ерекшеліктері туралы білім алу мақсатында шілде айының 2-9 аралығында облыстан 70 оқушы Қостанай облысы Арқалық қаласына саяхатқа барып қайтты. Сонымен қатар, өңірдің тарихи мұражайларына саяхат жасау мақсатында «Облыс тарихы» атты үш күндік керуен-шеруі акциясы өткізіліп, оған облысымыздан аз қамтылған отбасылардан шыққан 150 оқушы қатыстырылды.
Биылғы жаз мезгілінде оқушыларды барлық сауықтыру және демалыс шараларының түрлерімен қамту 95-ға пайызға жетпек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
95 процентов школьников Туркестанской области будут охвачены летним отдыхом
Для эффективной организации отдыха и оздоровления в летнее время в Туркестанской области работают 24 пригородных и 905 пришкольных лагерей.
На сегодня в пригородных лагерях, которе будут работать в четыре смены, отдохнули свыше 15 тысячи детей. Еще около 17 тысяч школьников примут они до конца июля и в августе. 905 пришкольных лагерей приняли свыше 193 тысячи детей. Это 32,2 процента от общей численности школьников области.
За лето в лагере «Самал» в Тюлькубасском районе отдохнут около 350 воспитанников пяти детских домов.
Наряду с этим продолжается работа по организации экскурсий, путешествий для детей. К примеру, в рамках республиканской краеведческой акции 200 детей в июне и в июле в рамках социального проекта «Астана – столица моей Родины» совершили поездку в Астану. С целью более глубокого изучения истории, культуры родной страны со 2 по 9 июля для 70 школьников была организована поездка в город Аркалык Костанайской области. 50 детей из малообеспеченнх семей приняли участие в трехдневной акции-марше «История области», организованной музеями региона.
Ожидается, что мерами оздоровления и отдыхом за лето будет охвачено 95 процентов школьников области.
Пресс-служба акима Туркестанской области