Елбасы айтуын айтып жатыр !
Елбасы үкіметке аудандық жолдарға көңіл бөлуді тапсырды. «Біз республикалық маңызы бар жолдарды салып жатырмыз, ал егер аудандардың арасында жол болмаса,адамдар оны сезінбейді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.Елбасы асығуды талап етпейтін кейбір жобаларды кейінге қалдырып, бірінші кезекте аудандар мен кенттердің ішіндегі жолдарға күш салу қажеттігін баса айтты.
Енді тағы гонка басталады.Ішкі орамда мынанша жол салдық.Ана ауыл мен мына ауылдың арасын жөндедік.Елбасы айтып отырған аудандық жолдар негізі жергілікті биліктің «Бас ауыртып,балтыр сыздататын» мәселесі емес па? Сонда Аудан, облыс қала берді қала басшылары Президент айтпаса отыра берулері керек па?Әлде басшылар тек бұйрықпен жұмыс істейтін құлтемірге айналған ба? «Жол мақсаты жету»дейді атам қазақ.
Біздің кейбір ауыл ішіндегі жолға түссең ол жерден тезірек кетуді ойлайсың.Соңғы кездері басқа жерді қайдам Түркістан облысының аумағында ауыл ішінде,кенттерде жол салынып жатыр.Дегенмен ол жол үшкір қаламмен сызып қойғандай.Жіп жіңішке.Екі көлік қарама қарсы келсе сыймайды.Бірі тоқтап екіншісіне жол беруі керек. Тентектеу екі қошқар қатар келсе жол үстінде сүзісіп жатқаны.Сол жолдың құжатын кім жасайды.Әлде үнемдеп жартысын сызбай кете ма.Әйтеуір бірдеңе. Ол ол ма. Жиегіндегі су ағарлары бардер төселіп содан кейін барып салынатын еді.Қазіргі жолдың жиегінде суағар. Сосын барып бардер.Ертең қыстың күні онсыз да қуықтай тар жолмен келе жатқан көлігің мұздақта таятын болса бірден гүмп беріп арыққа түседі.Кейбір жолдар айыр столбаны айналып өткен.Бұралаңы көп жол көп.Әуесің келеді.Құрылысшыларға бірдеңе десең сметасы солай жасалған маған не дейсің, деп өкіреңдеп шығады.Как бутто әкемнің үйіне дейін жол салып бер,деп алқымдап тұрғандай.Үнемдеген жақсы бірақ қылдырықтай жол салғанша шаңын белуардан кешіп жүре берген жасқы сияқты.Енді жол төселіп бітер-бітпес ертеңіне көлденең қазып су құбырын, газ, желі жүргізеді.Ол жер сол күйі жыртық болып қалады.Одан қалса әркім өз үйінің алдындағы жол үстіне белдеу істеп алған.Кейбіреуіне көлігіңнің белі асылып қалады.Біздегі бір жаман әдет басталған жол бірнеше жыл жатады.Шымкенттен шыға берістегі қос базардың ортасына салынып жатқан өткелдің бітетін түрі жоқ.Тельманды жарып шығатын жолдың жөнделіп жатқанына да біраз уақыт болды.Әйтеуір басталған жол жырға айналады.Жүргізушілердің әбден зығырданын қайнатып барып ашады.Сосын бұрын бұдан да жаман еді ғой, деп қояды да. Сорлы қиналған жұрт ашылғанына шүкір, деп тып-тыныш жүре береді.Қай ауылды алып қарамасаң да бұрындары салынған жол бар. Талай уақыт өтсе де мұрты бұзылмай тұрды.Смаласы ағып,тасы көшкен жоқ.Ал,жаңа төселген жолдар бір жылға жетпей,сағызы еріп қырық жамау болып шыға келеді.Жиегі мүжіліп, ескі жолдан бетер болып қалады.Сосын оны жөндеп жатқаны.Жол құрылысының не үшін кешеуілдеп жатқанын сұрасаң материал қымбаттап кеткен жетпей жатыр,не келесі жылға өтпелі,деп тұра береді. Жолда ақша көп деуші еді сол рас ау!
Мансур