Қазақстанның коронавируспен тиімді күресуге әлеуеті жеткілікті – ДДҰ өкілі

Қазақстанның коронавируспен тиімді күресуге әлеуеті жеткілікті – ДДҰ өкілі

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Дер кезінде қабылданған карантиндік шаралар Қазақстанға коронавирустың таралу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берді. Мұндай пікірді Ресейдегі ДДҰ өкілі Мелита Вуйнович білдірді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазақстанның коронавируспен тиімді күресуге әлеуеті жеткілікті – ДДҰ өкілі

«Пандемияның көптеген елдерде қалай етек алып жатқаны туралы деректерді зерттегенде, Қазақстан эпидемия басталғаннан бастап алғашқы төрт аптада айтарлықтай жетістікке қол жеткізгені белгілі болды. Өйткені ел эпидемия фазасын үш-төрт апта ішінде өзгерте алды. Бұл шаралар ДДСҰ ұсынымдарына толық сәйкес келеді. Мен қазақстандық эпидемияға қарсы жүйені жақсы білемін. Мменің әріптестерім өте жақсы нәтиже көрсетуде. Оған елдің әлеуеті жеткілікті, — деді ұйым өкілі.

Ол эпидемияның жалпы дамуын және қабылданған шаралар мен ұсыныстардың қаншалықты тиімді екенін қарастырғанын, сондай-ақ толық талдауды ДДҰ-ның елдік бюросынан алуға болатынын атап өтті.

ДДҰ өкілі қол жеткізген жетістіктер көбінесе мемлекеттің дер кезінде қабылдаған карантиндік шараларға және азаматтардың өзін-өзі қорғауының жоғары деңгейіне байланысты екенін айтты.

«Мен Интернетте әртүрлі қол жетімді тәуелсіз оқшаулау индексін қарауға қызығушылық таныттым, кездейсоқ Нұр-Сұлтандағы индекске көзім түсті. Онда мен Нұр-Сұлтан индексі 4,5 балды құрағанын көрдім. Бұл халықтың сақтық шараларын қатаң ұстанғанын көрсетеді», — деді М. Вуйнович.

«Салыстырмалы көрсеткіштерді бүгінде кеңінен қол жетімді оқшаулау индексінің мониторингімен бақылауға болады. Қазақстанда өте қысқа мерзімде, тура екі аптада, инфекцияның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік туды. Ол кезде Нұр-Сұлтан қаласындағы оқшаулану индексі 4,5 балл деңгейінде болған, бұл аймақтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Жағдай үнемі өзгеріп отыратынын есте ұстаған жөн», — деп толықтырды сарапшы.

https://www.inform.kz/kz/kazakstannyn-koronaviruspen-tiimdi-kuresuge-aleueti-zhetkilikti-ddu-okili_a3638223

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *