БІР АДАМ ОҚҚА ҰШЫП, БЕС АДАМ ЖАРАҚАТ АЛҒАН

Шымкентте орын алған оқыс оқиғаға қатысты қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Ералы Жұмаханбетов ақпарат берді.

2019 жылдың 29 қазанында Шымкент қ. ПД-нің 102 пультіне Арғынбеков көшесіндегі кафелердің біріне белгісіз тұлғалар кіріп, бірнеше рет оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнында бір адам көз жұмған және әртүрлі дәрежедегі жарақат алған 5 адам медициналық мекемелерге жеткізілген.

Оқиға болған жерді тексеру барысында қылмыс құралдары табылып, тәркіленді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 99 бабы 2 бөлігінің 1 тармағы және 287 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Күдіктілердің жеке басы анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізілуде.

Істі тергеу барысы прокуратура мен Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *