ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДӘРІГЕР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДӘРІГЕР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ
Өткен жылы Түркістан облысында 1300-дей маман COVID-19 инфекциясын емдеу бойынша дәріс алды. Сонымен қатар медициналық қызметкерлер денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен Қытай, Ресей мамандарынан онлайн форматта тәжірибе алмасқан.
Бұдан бөлек И.И. Мечнеков атындағы Солтүстік Батыс Мемлекеттік Медицина Университетінің білікті оқытушыларынан облыстағы 44 маман дәріс алған. Жалпы, Ресейдегі Санкт-Петербург, Новосибирск қалаларындағы жоғарғы оқу орындарымен үздіксіз білім беру жөнінде әріптестік байланыс орнаттылған.
Қазіргі таңда Облыстық балалар ауруханасында арнайы тренинг орталықтарында әртүрлі бағыттарда 728 медициналық қызметкер оқытылды. Негізгі мақсат – дәрігерлерге соңғы технологияларды меңгертіп, науқастарды емдейтін мамандарды дайындау екені белгілі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі