Облыс прокуроры жеке қабылдау өткізді
Облыс прокуроры жеке қабылдау өткізді
Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтармен жеке қабылдау өткізді.
Прокурорға өтініштерімен 11 азамат келді. Олар өз өтініштерінде қылмыстық істердің тергелуі созбаландыққа салынуы, полиция мен уәкілетті мемлекеттік органдарының заңсыз әрекеттері, тұрғын үй қатынастары және сот шешімдеріне келіспеушілігі, табиғи газға тарифтердің өсуі, кәсіпкерлік субъектілердің экологиялық талаптарды бұзуы секілді сұрақтарды көтерді.
Алғашқы болып полиция қызметкерлерінің ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық істің созбаландыққа салыну мәселесімен К.Абсаттарова келді. Қылмыстық істің тергелуінің заңдылығын қамтамасыз ету Түркістан облысының полиция Департаменті басшысына тапсырылып, К.Абсаттарованың өтініші бақылауға алынды.
Сондай-ақ әкімдік қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері бойынша жеке қабылдауға М.Мамбетов келді. Сұхбаттасу барысында мемлекет мұқтажы үшін алынған жер телімі бойынша әкімдіктің 8 ай бойы өтемақы төлемегені анықталды.
Сонымен қатар 7 жыл бойы қоршаған ортаны ластап келген Түркістан қаласында орналасқан бетон зауытынының қызметіне А.Айменова жазбаша шағымын келтірді.
Жеке қабылдау соңында Н.Әбдіров шағымданушылардың уәждерін жан-жақты қарауды және заң бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурорлық қадағалау актілерін енгізумен қатар, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қолдануды тапсырды.
Түркістан облысының прокуратурасы