ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 30 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЕТ ӨНДІРІЛГЕН
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 30 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЕТ ӨНДІРІЛГЕН
Қазығұрт ауданында мал тұқымын асылдандыру жұмыстары ілгерілеуде. Сондай-ақ, аймақта ет өндіру ісі де ілгерілеген.
Мәселен, өткен жылы 29,6 мың тонна ет өндірілген.

Өнімді арттыра түсу мақсатында аудандағы Қызылқия ауыл округінде жеке кәсіпкер Бақыт Мәмбетәлиев 1 200 басқа арналған мал бордақылау кешенін іске қосқан. Сонымен қатар, Шымкент-Ташкент күре жолының бойынан «Түркістан ет комбинаты» ЖШС ашылуы жоспарлануда.

Ірі ет комбинаты елімізді ғана емес, көршілес Өзбекстанға ет экспорттайды деп күтілуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


