ШЫМКЕНТТІК ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚЫЗМЕТ БАРЫСЫНДА ҚАЗА БОЛҒАН ӘРІПТЕСТЕРІН ЕСКЕ АЛДЫ

 19 — шы Қазақ Құтқарушылар күні!   Мереке қарсаңында бейбіт күннің батырлары ұлықталды. Төтенше жағдайлар департаменті жұмыс барысында ерлікпен  қаза тапқан қызметкерлерін еске алды.

 Нұрболат Дербісов бастаған Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің  құтқарушылар алдымен Абай саябағындағы қызмет барысында қазақ тапқан әріптестеріне арнап тұрғызылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.  Құтқарушылардың ерлігі дәріптеліп, руһына тағызым жасалды. Шараға қызмет барысында қаза тапқан төтеншеліктердің туыстары да қатысты. 

Өз өміріне қауіп төнсе де ерлік көрсеткендердің бірі Жомарт Сәрсенбеков еді. Ол тауда адасып қалған туристі тауып қол ұшын созу кезінде мерт болды. Артында бес перзенті қалды. Жауынгер мерт болғанда бесінше перзенті әйелінің құрсағында қалған екен. Жұбайы Ұлжан Сабазова ұрпағының әкесінің жолдастары мен ерлігін ұрпағына үнемі айтып отырады.

Қызыл жалынның ортасында жүретін төтеншеліктер қандай жағдай болса да өзгеге қол ұшын созуға дайын тұрады. Басын бәйгеге тіккен осындай 4 құтқарушы қызмет барысында  мерт болған. 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *