Шымкентте 3 айлық сәбидің тамағына түйреуіш тұрып қалған
Шымкентте 3 айлық сәбидің тамағына түйреуіш тұрып қалған
Фото: Шымкент ҚДСБ
Шымкентте үш айлық сәбидің тамағына түйреуіш тұрып қалған. Дәрігерлер шұғыл ота жасап, баланы құтқарып қалды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Қауіпті затты алып тастау үшін шұғыл түрде аурухана хирургтері Әкім Төлкібаев, Нұрбол Қоянбаев, Берік Тотиков ота жасады.
«Ота кезінде фибробронхоскоп көмегімен түйреуішті алып тастады. Баланың жағдайы жақсы, хаттамаға сәйкес қажетті ем алады», — деді дәрігер Әкім Түлкібаев.
«Балалар әдетте кішкентай моншақ, бұршақ, тырнақ, түйме, ине, түйреуіш, сүйек, ұсақ монеталарды жұтып қояды. Ірі заттар немесе өткір пішінді заттар трахеяда немесе негізгі бронх қабырғаларында тұрып қалу қаупі жоғары», — дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайлар ата-анасының қарауынсыз қалған балаларда жиі кездеседі.