Қазақстан Президенті жалпықалалық сенбілікке қатысты
Қазақстан Президенті жалпықалалық сенбілікке қатысты
Ботаникалық бақ, Нұр-Сұлтан қаласы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірге Жасыл Қазақстан» шарасының аясында Ботаникалық бақта ағаш отырғызып, сенбілікке қатысушылармен сұхбаттасты.
Шараға Премьер-Министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, спортшылар мен оқушылар қатысты.
Көгалдандыруға арналған сенбілік барысында Ботаникалық бақта 300 көшет отырғызылды. Жалпы бүгін Елорда көшелері мен саябақтарында 5 мың ағаш егіліп, қала ажарын арттыра түспек. Сонымен қатар биыл күзде «Экологиялық сағат» шарасының шеңберінде еліміз бойынша қосымша 1 миллионға жуық көшет егіледі.