ШЫМКЕНТТІК ОНКОЛОГ-ДӘРІГЕР 6 МЫҢНАН АСТАМ НАУҚАСҚА ОТА ЖАСАП ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛҒАН

ШЫМКЕНТТІК ОНКОЛОГ-ДӘРІГЕР 6 МЫҢНАН АСТАМ НАУҚАСҚА ОТА ЖАСАП ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛҒАН

Маймақов Аққали оңтүстік өңіріндегі танымал білікті онкохирург. Жоғары санатты онколог, онкохирург, медицина ғылымдарының кандидаты Аққали Тілеубайұылының медицина саласында 30 жылға жуық тәжірибесі бар.

Дәрігер Маймақов отыз жылдық жұмыс өтілі ішінде қарапайымнан күрделіге дейін 6 мыңнан астам операция жасап, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың өмірін аман алып қалған.

Білікті хирург асқазанның, өңештің, бауырдың, ұйқы безінің қатерлі ісіктеріне күрделі ота жасайды. Ең бастысы медицина маманы операция жасаған кезде науқастың ағзасын сақтап қалу үшін тың әдіспен жасауды тәжірбиесінде жиі қолданады. А.Маймақов 30-дан астам медициналық мақалардың авторы.

Шымкент қаласындағы окнологиялық орталықта еңбек ететін дәрігер ракқа шалдыққан аурулардың санын азайтуда өз білімі мен тәжірибесін пайдаланып күрделі ота жасауда аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жан.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *