ЕРЛАН АЙТАХАНОВ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

ЕРЛАН АЙТАХАНОВ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов бүгін әкімдік ғимаратында қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Әкімнің қабылдауына келген азаматтардың сұрақтары әртүрлі бағыттарға қатысты болды. Мәселен бірі жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы мәселені көтерсе, енді бірі баспанамен қамту, коммуналды мәселелер мен қала тазалығы жөнінде сауалдарын жолдады.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап берген қала басшысы Е.Айтаханов барлық тұрғын баспананы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек өз кезегінде ала алатындығын айтты. Ол сонымен қатар, кез-келген көмекпен қамтамасыз ету тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мүмкін болатындығын атап өтті.
Қабылдау барысында көтерілген әрбір мәселе бойынша Ерлан Қуанышұлы жеке салалық басқармалар мен аудан әкімдеріне нақты тапсырма берді.

 

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *