Жапондықтар суға түсуге арналған маска жасап шығарды

Жапондықтар суға түсуге арналған маска жасап шығарды

Жапонияда бассейндер ашылып, суға түсуге рұқсат берілді. Сол себепті елде суда жүзуге арналған арнайы қорғаныс бетпердесі ойлап табылды.

Қазіргі уақытта бұл бетперделерге деген сұраныс еселене түсуде деп хабарлады KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Жапондықтар суға түсуге арналған маска жасап шығарды

Фото: twitter.com/tv_asahi_news                                   Автор: Азамат Қабетов

Жапонияда коронавирустың таралуын алдын алуға байланысты есігіне құлып салынған бассейндер 1 маусымнан бастап қайта ашылды.

Биліктің ойынша, судағы хлор мөлшері жеткілікті болған жағдайда, инфекция жұқтыру қаупі өте аз.

Бірақ жүзу мектептерінің, әсіресе балаларға арналған жүзу мектептерінің мәселесі шешілмей қалды.

Себебі жаттықтырушы дауыстап түсіндіріп, кейде баланың судағы қалпын түзетуі керек болады.

Мұның барлығы инфекциядан қорғайтын бетперде қажеттілігін тудырды, сонымен бірге маска ылғалданбайтын әрі суда жүзгенде түсіп қалмайтындай болуы керек еді.

Токио қаласының орталығындағы шағын компания бұл мәселенің шешімін тапты. Оның маскалары түссіз материалдан жасалған,

беттің төменгі бөлігін толық жабады, суда сырғып, түсіп қалмайды. Бетперденің дизайны жүзуге ыңғайлы.

Бастапқыда барлық маскалар қолдан жасалған екен. Ішінде 10 данасы бар жиынтықтың бағасы 29 мың иен (шамамен 100 мың теңге) болған.

Мамыр айының ортасында жүзу клубтарының қауымдастығы олардың ыңғайлылығы мен тиімділігін мойындаған.

Осы уақыттан бастап Жапонияның түкпір-түкпіріндегі 700 ұйымнан 16 мыңнан астам тапсырыс келіп түскен.

Маусым айында өндіріс кеңейтілгеніне қарамастан, тапсырыс күту үшін бір айдан астам уақыт кетеді.

Айта кетейік, бұған дейін неміс ғалымдары науқастың ми жасушаларына коронавирустың қалай енетінін анықтағанын жазған едік.

https://kaz.nur.kz/1859305-zapondyktar-suga-tsuge-arnalgan-maska-zasap-sygardy-foto.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *