Астанада банк бөлімшесін басып алған Мұрадов неше жылға сотталады

Астанада банк бөлімшесін басып алған Мұрадов неше жылға сотталады

Астанадағы банк бөлімшесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
 Астанада банк бөлімшесін басып алған 30 жастағы Әлихан Мұрадовтың қанша жылға сотталатыны белгілі болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеудің мән-жайы жарияланбай отыр. Алайда 7 адамды кепілге алған басқыншының қандай баппен жауапқа тартылатыны белгілі.
«Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне Қылмыстық кодекстің 261-бабы, 2 бөлігі (Адамды кепілге алу) бойынша тіркелді. Бұл бапта мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — делінген ішкі істер министрлігінің ресми хабарламасында.
Айта кетері, 18 маусымда Астанадағы «Каспий Банк» филиалын белгісіз біреу басып алды. Тапаншаға ұқсас зат ұстаған ер адам 7 адамды кепілге алып, бірнеше талап қойды. Тәртіп сақшылары алдымен келіссөз жүргізіп көрді. Ал 16:35-те арнайы жасақ басқыншыға шабуыл жасады. Кепілге алынғандардың барлығы босатылды.
Прокуратураның мәліметіне сәйкес, 30 жастағы Әлихат Мұрадов 2013 жылдан бері есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр. Жамбыл облысының тумасы банктен кредит те алған. Екі рет қылмыстық іс бойынша күдікті болып танылған.
Задержан захватчик и освобождены заложники из отделения банка в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2023

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *