Жер Марсқа айналады: Ғылым нені дәлелдеді?
Жер Марсқа айналады: Ғылым нені дәлелдеді?
Фото: Bugin.kz
Әдетте айналамызда болып жатқан қарапайым құбылыстарды байқай бермейміз. Ал ғылым әлдеқашан түсінік беріп қойған жағдайлар бар. Bugin.kz журналисі адам сенгісіз бірқатар дерек ұсынады.
Нәрестенің сүйегі ересек адамдікінен көп болады
Жаңа туған нәрестеде шамамен 270 сүйек болады, олардың көпшілігі өте кішкентай. Бұл қаңқаны икемді етеді және баланың туу каналынан өтіп, тез өсуіне көмектеседі. Бұл сүйектердің көпшілігі бала өскен сайын, дами береді. Ал ересек адамның қаңқасы орта есеппен 200-213 сүйектен тұрады.
Эйфель мұнарасы күн ыстық кезеңде ұзарады
Эйфель — температуралық компенсаторлармен салынған үлкен құрылым, соның арқасында болат ешқандай зақымдалмай көлемін өзгерте алады.Болат қызған кезде ол кеңейіп, көлемі үлкейеді. Бұл термиялық кеңею деп аталады. Керісінше, температураның төмендеуі көлемнің төмендеуіне әкеледі. Сол себепті көпір секілді үлкен нысандар компенсатормен салынуда. Есесіне олардың мөлшерін зақымдамай өзгертуге мүмкіндік береді.
Су тисе жарылатын металдар бар
Калий, натрий, литий, рубидий және цезий секілді элементтерде химия белсенділігі жоғары болса, ауамен жанасқанда найзағай жарқылындай жылдамдықпен жанып кетеді. Ал суға түссе, жарылып кетуі де мүмкін.
Тау мен тау жолықпайды, бірақ Гавай мен Аляска «жолығуы» мүмкін
Жер қыртысы тектоникалық плитаның бірнеше үлкен бөлігінен тұрады. Бұл плиталар мантияның жоғарғы қабатымен бірге үнемі қозғалады. Гавай Тынық мұхиты плитасының ортаңғы бөлігінде орналасқан, ол солтүстік-батыс бағытқа, Аляска орналасқан Солтүстік Америка тақтасына қарай баяу жылжиды. Айта кейтейік, тектоникалық плиталар адамның тырнағы өсетін жылдамдықпен қозғалады.
Сағат тілімен айналатын жалғыз ғаламшар — Шолпан
Ғалымдар неліктен бұлай болатыны туралы бірнеше нұсқалар ұсынған. Олардың айтуынша, бұрын оның бағытына әсер еткен үлкен астероидтар болуы мүмкін. Сонымен қатар атмосфераның жоғарғы қабатындағы ауа ағындарының күшті айналымы да әсер еткен болса керек
Жер ғаламшары тіршілігін қашан тоқтатады?
Жер ғаламшары уақыт өте келе Марсқа ұқсайтын шөлге айналады. Жүздеген миллион жылдар бойы күн жылынып, ыстық болып келе жатыр және бұл жалғасын табары анық. Шамамен екі миллиардтан астам жылдан кейін температура жоғары болып, мұхиттар буланып, жойылып, ғаламшар шексіз шөлге айналуы мүмкін.