Аңыз партизан Қасым Қайсенов туралы қызықты деректер

Аңыз партизан Қасым Қайсенов туралы қызықты деректер

Фото: Bugin.kz

Халық қаһарманы, жазушы, атақты партизан, Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында дүние есігін ашқан. Ұлы Отан соғысы ардагерінің ерліктері әлі күнге дейін көпшілікті таңдандырмай қоймайды. Әскери мұрағаттар да Қасым Қайсенов жайлы маңызды тарихи оқиғаларға толы. Bugin.kz порталы «аңыз адам» жайлы кең таралған қызықты деректерді ұсынды.

1) 1941 жылы қарашада әскери барлау училищесін бітіргеннен кейін, Қайсенов Оңтүстік-Батыс майданының штабына жіберілді. Мұнда ол арнайы тапсырмамен жау басып алған Украина жеріне ауыстырылып, партизандық жасақтың отрядын басқарды.

2) Партизандық қозғалыста Қасым Қайсенов «Вася» лақап атымен әйгілі болды. Оны жергілікті тұрғындар қатты жақсы көретін болған. «Вася» ең қауіпті деген операцияларда да үнемі тірі қалатыны тұрғындардың жүрегінде күндердің күнінде бейбітшілік міндетті түрде келеді деген сенім ұялатты.

«Мен Украинада легендарный адаммын, онда мені тек «Вася» деп біледі. Украинада маған орнатылған ескерткіш бар. Карпат тауының ең ұшар басына, ең соңғы рет жау тылына барғанда алпыс адам ұшақтан түсіп, іріткі салған ғой. Ол тауға түскен алпыс адамның елу үші қаза тауып кетті, жетеуіміз тірі қалдық. Сол Карпатта ұрыс салған алпыс адамға арнап, таудың ең биігіне мрамордан ескерткіш орнатқан», – дейді бұл аты жайлы Қайсенов.

Ал Вася атанып кетуіне соғыс кезінде жалған құжатпен әскер қатарына қосылуы себеп болған. Ол жерде жауынгердің есімі – Булатов Василий Михайлович деп жазылған.

3)  Қасым Қайсенов басқарған 120 адамдық партизан отряды түн жамылып жауға шабуыл жасап, Григорьевка, Луковицы, Зарубинцы фермаларын басып алды. Партизандар бұл аумақты Кеңес әскерлері келгенге дейін ұстап тұрды. Әскер Днепрдің оң жағалауына өткенде Қасым отрядынан 20 адам ғана тірі қалды. Бірақ Днепр үшін шайқаста Ұлы Букринский плацдармын дайындаудағы Қасым Қайсеновтің ерлігі елеусіз қалды. Басқа отрядтың командирі А.В. Тканко Қайсеновті өлді деп есептеп, «ерлігі» туралы баяндап, Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

4) Қасым Қайсеновтың тағы бір ұмытылмас ерлігі — «Белая Таня» концлагерінде болған 700-ге жуық тұтқынды босатуы. Лагерьден ешкім шықпауы үшін баратын барлық жолдар минамен қоршалған. Бірақ Қайсеновтің партизан отряды тапсырманы мүлтіксіз орындап шығады. Бұл ерлік КСРО Қорғаныс министрі маршалы Гречконың «Карпат арқылы», генерал Лавриненковтың «Аспанға оралу», әскери тарихшы Уткиннің «Шығыс зонасына шабуыл» және т.б. кітаптарында толық сипатталған.

4)  1944 жылдың аяғына дейін Молдова, Чехословакия, Румыния аумақтарындағы партизандық қозғалыстарға қатысты. Қайсенов Украинада партизан отрядтарын ұйымдастырып, сонымен бірге диверсиялық жұмыстармен айналысты. Партизандар мина, жарылғыш сынды түрлі қару-жарақтарды иемдену бойынша машықтанған.

5) Қасым Қайсенов – қазақ әдебиетіндегі партизан тақырыбының негізін салушы, 30-ға жуық кітаптың авторы.

6) 1995 жылы 9 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Н.Ә. Назарбаев Қасым Қайсеновке еліміздегі ең жоғары награда – «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Жансая Олжабек

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *