ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІ ЖАЛҒАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІ ЖАЛҒАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

slider
 
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби көшесі жалғасы құрылысының барысын бақылады. Құны 3 595,9 млн теңге жобаның бүгінде 2 574,6 млн теңгесі игерілген. Биылға 791, 2 млн теңге қаржы қаралған.  Қажетті қаражат көлемі  – 229,9 млн теңге. 
Қазіргі таңда 6,6 шақырым жол жамылғысы, арық жүйесі мен аяқжолдар құрылысы аяқталды. 
 
Айта кетсек, 2021 жылы қалада жалпы 128 нысан немесе 253,1 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Оның 120 нысаны немесе 226,3 шақырым биыл пайдалануға беріледі. 8 нысан немесе 26,8 шақырым жол – келесі жылдарға өтпелі нысандар.
 
Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *