Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны жеті миллионнан асты

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны жеті миллионнан асты

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны жеті миллионнан асты, 402 мың адам COVID-19-дан көз жұмған. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, 8 маусымда дүние жүзінде 7 006 436 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 402 120 науқас вирустан қайтыс болған. Ал 3 133 664 адам аурудан жазылған.

Коронавирус ең қатты тараған ел — АҚШ, онда 1 940 468 адамнан COVID-19 табылған, 110 мыңнан аса науқас көз жұмған.
https://kaz.tengrinews.kz/world_news/dunie-juznde-koronavirus-juktyirgandar-sanyi-jet-millionnan-309299/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *