ТҮРКІСТАН: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР АЙТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР АЙТЫЛДЫ

Возможно, это изображение 9 человек

Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық отырысында денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері, жедел медициналық жәрдем қызметінің жай-күйі талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды денсаулық сақтау саласының техникалық базасын нығайтуға қолдау көрсетілетінін айта келе басқарма басшысы мен бас дәрігерлерге жұмысты ширатуды тапсырды.

Возможно, это изображение 1 человек и текст

– Аудан, қалаларды аралау барысында медицина саласында мәселелер көп екенін аңғардық. Кейбір аймақтарда денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі қанағаттанарлықсыз жағдайда. Одан бөлек, тұрғындар тарапынан да өтініштер мен шағымдар түсіп жатады. 1414 бірыңғай байланыс және қолдау орталығы арқылы 221 шағым түскен. Басым бөлігі – Сарыағаш, Сайрам, Түлкібас және Жетісай ауданынан. Сондай-ақ 109 бірыңғай байланыс ортағы арқылы да жедел жәрдем қызметіне қатысты тұрғындардың 25 қоңырауы тіркелген. Олардың көбі жедел жәрдемнің жиі кешігетіні туралы шағымданған. Осы саладағы аталған және өзге де проблемаларды шешуге күш салған жөн. Саралап шығып, толық мәлімет алу керек. Дәрігерлердің қоғаммен байланысын жақсарту, медициналық нысандарды құрал-жабдықтармен қамту ісін жандандыру қажет. Оған қолдау көрсетіледі. Өзекті мәселелерді тұрақты талқылап, көмектесуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.

Возможно, это изображение скорая помощь, фургон, автобус, грузовик и текст

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, өңірдегі 2 миллионнан астам тұрғынға 216 бригаданың күшімен жедел жәрдем қызметі көрсетілуде. Бригада ташылығы сезілуде. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының 6 қалалық бекеті, 17 аудандық бөлімшесі бар. Жедел медициналық жәрдем станцияларының санитарлық автокөліктердің саны – 190, МСАК жанындағы ЖМЖ 85 автокөлікпен қамтылған. Биыл 4 айда былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда жедел жәрдемге қоңырау шалушылар саны көбейген. Былтыр 4 айда 210456 қоңырау қабылданса, биыл 224742 қоңырау түскен.
Жиында тозығы жеткен автокөліктерді жаңа автокөліктермен алмастыру, мамандар, дәрігерлер тапшылығын жою, станциялардың техникалық базасын жаңарту, 103 байланыс қызметін жақсарту мәселелері сараланып, тиісті ұсыныстар берілді. Осы бағытта жұмыстар жүргізіледі.

Возможно, это изображение 1 человек и текст

Возможно, это изображение светокопия и текст
Возможно, это изображение 1 человек
Возможно, это изображение 2 человека
Возможно, это изображение 4 человека
Возможно, это изображение 2 человека
Возможно, это изображение 3 человека
Возможно, это изображение 4 человека

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *