ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨНЕ ТАРАЗДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨНЕ ТАРАЗДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСТЫ
2-4 маусым күндері аралығында тарихы терең Әулиеата өңірінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» атты II халықаралық қолөнершілер көрмесі өтті. Көрмеге алыс-жақын шет елдердің және еліміздің қолөнершілері қатысты. Түркістан облысынан «Turkistan Qol Oner Одағының» мүшелері де өңірімізде дайындалған ең үздік бұйымдар көрмесін көпшілік назарына ұсынды
.
«Turkistan Qol Oner Одағының» төрайымы Индира Икапова бастаған облыс делегациясының құрамында керамика шебері Ерімбетов Жанұзақ, киіз және жүннен бұйым жасау шебері Әбішова Мөлдір және сәндік қолданбалы өнер шебері Шермұханбетова Эльмира сынды қолөнершілер болды.
Халықаралық көрме аясында Бүкіләлемдік қолөнершілер кеңесінің Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша вице-президенті Әзиз Муртазаев, «Асыл дизайн» сән үйіндегі «Аспара» брендінің бас дизайнері Айдархан Қалиев сынды қолөнер саласының майталмандары түркістандық шеберлердің жұмысын жоғары бағалап, оң баға берді. Көрмеге қатысушылар мен одақ мүшелері пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.
Халықаралық көрме соңында Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы Біржан Күзембеков өңір қолөнершілеріне алғыс білдіріп, сертификат табыстады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *