ШАХМАТ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗІЛЕДІ

Шахматты мектеп бағдарламасына енгізу. Жобаға 30 мектеп қатысадыШахматты мектеп бағдарламасына енгізу. Жобаға 30 мектеп қатысады

Шахматты мектеп бағдарламасына енгізу. Жобаға 30 мектеп қатысады

Шахматты мектеп бағдарламасына енгізу жөніндегі пилоттық жобаға 30 мектеп қатысады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Қазақстанда шахматты дамыту жоспары мен елдегі мектептерге қосымша сабақтар енгізу жөнінде ӨКҚ алаңында RAI бірінші вице-президенті, Азия шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов айтып берді.

Спикердің айтуынша, келесі оқу жылынан бастап, шахматты 1-4 сынып оқушыларына қосымша пән ретінде енгізу тәжірибесінің аясында 30 мектепті қамту жоспарланып отыр.

ҚШФ Мемлекет басшысының және біздің бас демеушіміздің қолдауымен елде шахматты жүйелі түрде дамытып келеді. Бүгінде бізде шахматты одан ары дамыту үшін барлық мүмкіндік бар. Өздеріңіз білетіндей, біздің әйелдер құрамасы әлемдегі үздік шахматшылар болып саналады. Сәуір айында біз әлем құрамасымен матч өткіздік. Біздің балалар мен жасөспірімдер құрамасы да әлемде үздіктердің қатарында және осы бағытта біз ерлер құрамасын қалыптастырып, таланттарды іріктеу жұмыстарын күшейтеміз, — деді Дәрмен Сәдуақасов.

Спикердің сөзіне қарағанда, Федерация Оқу-ағарту министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп әдістемелік жұмыс жүргізген. Сондай-ақ, оған халықаралық сарапшылар тартылып, осыған ұқсас жоба енгізілген Испанияның кейсі зерттелді.

Біз үшін бұл өте маңызды бағыт, бұл — балаларға сапалы шахмат білімін беру мүмкіндігі. Біздің мақсатымыз – еліміздегі әрбір бала, бастауыш сынып оқушылары, мейлі ауыл, мейлі қала меуктебі болсын, өз таңдауы бойынша шахматпен айналыса алса деген ой. Шахмат адамның ой-өрісін дамытады, ол логиканы, еске сақтау қабілетін, сыни ойлауды, назарды шоғырландыруды дамытуға үлкен импульс береді. Қазақстанда біз осы сипаттағы ғылыми жұмысты 12 мектеп негізінде жүргіздік, — деп бөлісті ол.

Сонымен қатар, шахмат үйрететін оқытушыларды дайындау мен олардың біліктілігін арттыру жұмыстары да жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *