САУРАНЫМ — СЫРЛЫ МЕКЕНІМ

Айтыс – бабамыздан жеткен ұлы өнер. Ежелден сөз бен сазы келіскен ақындар елдің назарында болып, халықтың ақ батасын алған. Бабалардан қалған дара өнерді жалғастыру мақсатында «Фараб» кітапханасында Сауран ауданының құрылуына орай Құсабеков Құдайберген қажының демеушілігімен, Сауран аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Саураным – сырлы мекенім» атты ақындар айтысы өтті.

Айтыс басында Сауран аудан әкімі орынбасары Садибаев Серік Өмірханұлы, Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзірепбергенұлы сөз сөйлеп ақтаңгер ақындарға сәттілік тіледі.

Ақмарал Леубаева ханым Сауран ауданының құрылуына арнауын арнап, айтыскерлерге сахна пердесін ашып берді.

Дүбірлі айтыста ақындарамыз Сауран ауданына жырдан шашу-шашып, бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарып, айтыс сүйер қауымның көңілінен шығып, көрермендерді желпіндіріп отырды. Төл өнерге шөлдеген көпшіліктің құлақ құрышын қандырды.Түркістан облысының әр ауданынан келген ақындар жүлделі орындармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *