ҚАЛА ӘКІМІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ
ҚАЛА ӘКІМІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын аралады. Қала әкімі алдымен №28 кәріз сорғы станциясының және №2 коллекторға дейінгі магистралды кәріз коллекторының құрылысын пысықтады.
Ұзындығы 12,9 шақырым коллектордың және №28 кәріз сорғы станциясының құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Жоба құны – 3 138,6 млн теңге. Мердігер «Сарыағаш-Аман» мекемесі өткен жылы 757,1 млн теңге қаражатты игерді. 2021 жылға 1 481,5 млн теңге қаржы қаралған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қала әкімі аталған нысандардың құрылысында қазірден сапаға көңіл бөлуді тапсырып, құрылыс барысын тұрақты бақылап отыратынын айтты. Сондай-ақ, құрылыс техникаларының тазалығына да мән беруді міндеттеді.
Нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде, ағымдағы жылы құрылысы жүргізілетін Мирас, Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік-Шығыс, Тассай, Нұртас елдімекендердегі кәріз жүйесі осы коллекторге қосылатын болады. Яғни, осы елдімекендердің кәріз жүйесіндегі сарқынды су осы коллекторге құяды.
Айта кетсек, Мирас, Шапағат-2 шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында кәріз құрылысын «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС жүргізуде. Жоба құны — 1 348,9 млн теңге. 2021 жылға 401,6 млн теңге қаржы қаралған.
Сондай-ақ, Ұлағат шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бойынша биылға 403,6 млн теңге қаражат бөлінген. Кәріз жүйесі құрылысын аяқтауға қажетті қаржы — 934,4 млн теңге.
Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі