КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

Возможно, это изображение (3 человека, люди сидят, люди стоят и в помещении)
«Мінеки, бүгін кентаулықтар үшін көптен күткен мәселе шешіліп, қалаға газ беріліп отыр. Кентаудың жылу мәселесі мені үнемі толғандыратын. Жаным ашитын. Басшы ретінде осы бастаманы қысқа мерзімде орындауға күш салып, қаржы мәселесін шешіп, компаниялармен келіссөз жүргізіп, сол межеге жетіп отырмыз. Жобаны жүзеге асыруда өте күрделі әрі ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл — Кентау қаласы тұрғындарының өмір сапасын арттырады. Қалаларыңызға газ еніп тұр. Енді тұрғындар бірлесіп әрекет етсе, әр үйге кезең-кезеңімен газ кіргізілетін болады, — деген Өмірзақ Шөкеев Ыбырай Алтынсарин көшесіндегі жеке тұрғын үйге газ кіргізу сәтіне қатысты.
Кентау тұрғындары асыға күткен көгілдір отынның келгеніне дән риза. Қала тұрғыны Гүлзада Аханованың шаңырағына алғашқы газ келіп қосылды.
«Кентаулықтар бұл күнді ұзақ күтті. Бүгіннен бастап үйімізге табиғи газ кіргізілді. Өте қатты қуанып отырмыз. Бұл қыстың күні отын жағып, күл тасудан шаршаған тұрғындар үшін үлкен көмек болды», дейді.
Қәзіргі таңда көгілдір отынмен қаланың 18 200 абонентті қамтылады. Кезең-кезеңімен қалған тұрғындар күз айына дейін қосыла бастайды. Тұрғындар үйлеріне газ қосу үшін қажетті құжаттарды жинақтап, өтінім беру қажет. Енді алдағы 2 жылда қалған 4 ауылға көгілдір отын тартылады деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *