БИЫЛ 3402 ЖЕР ТЕЛІМІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖДЫҒЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ

БИЫЛ 3402 ЖЕР ТЕЛІМІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖДЫҒЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ

slider
Биыл Шымкент қаласында Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының І,ІІ,ІІІ,V кезеңдері атқарылады. Бұл ретте жол түсетін маңдағы жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
 
Жалпы 48 нысан бойынша мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта 2021 жылға 3402 жер телімдерін мемлекет мұқтажына қайтару жоспарлануда.
 
Мемлекет мұқтаждығы үшін сатып алынатын жер телімінің иелері ешқандай зардап шекпейді. Өйткені, оларға қаражат нарықтық бағамен төленеді. Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, бағалау кезінде құрылысқа қолданылған материалдар мен қол күші, ауладағы жеміс ағашы, бәрі-бәрі есептеледі. 
 
Айта кетсек, былтыр қала әкімдігі мемлекет мұқтаждығы үшін алынуы тиіс жер телімдерін сатып алуға 3,7 млрд теңге бөлген болатын. Оған 443 жер телімі сатып алынған. Атап айтқанда, өткен жылы Абай ауданында – 1,5, Әл-Фараби ауданы – 32, Қаратау ауданында – 45,7 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Бүгінде ол жерлер толығымен игерілген.
 
2021 жылы сатып алынатын жерлерге әлеуметтік нысандар, магистралдық және ішкі инженерлік жүйелердің құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінде билік ұсынған бағамен келіспей, сотқа шағым түсіргендер жоқ.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *