КЕНТАУДА ТЕМІР БЕТОН ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Кентау қаласы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймақтан «Түркістан Темірбетон» зауыты өз жұмысын бастады. Жобаның мақсаты – тұрғын үйге арналған 10 ға жуық түрлі темірбетон өнімдерін өндіру. Өндірісті дамыту бағытында жұмыс күшейетінін айтқан облыс әкімі Ө.Шөкеев жаңа зауыттың жұмыстарына сәттілік жолдады.
Айта кетейік, инвестицияның жалпы көлемі – 1,2 млрд теңге, осы сәтке дейін 700 млн орындалған.. Нәтижесінде 30 дан 60 жаңа жұмыс орны ашу жоспарланған. Зауытта жабындылар, ригель, үйлердің ірге тасын қалауға арналған блоктар, бағаналар, жол бойына қойылатын бордюрлар шығарылмақ.
Өндірілген өнім бәсекеге қабілетті, мұндағы өнімдер соңғы жаңа технология мен жаңа техникалармен шығарылады. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына шамамен 80 мың шаршы метр темірбетон болмақ. Жалпы аумағы 3500 м/кубты алып жатыр. Алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайтуды қолға алмақ. Шикі заттың басым бөлігі Кентау қаласынан алынады. Шығарылған өнімдерді Түркістан облысын қамту жоспарлануда.