ТҮРКІСТАН: ТҮРКИЯДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТІП КЕЛГЕН ДӘРІГЕРЛЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАПСЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҮРКИЯДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТІП КЕЛГЕН ДӘРІГЕРЛЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАПСЫРЫЛДЫ
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ана жұрттан ата жұртқа – денсаулық көпірі» жобасы аясында Түркия Республикасының жетекші медициналық мекемелерінен тағылымдамадан өтіп келген дәрігерлерге сертификат табыстау рәсімі өтті.
Іс-шараға Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тәжімұрат, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек, ректор Жанар Темірбекова, ректор өкілі Женгиз Томар қатысты.
Былтыр өңіріміздің 100-ге жуық дәрігері облыс әкімінің қолдауымен, жергілікті бюджет есебінен Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Джеррахпаша, Истинье және Мармара университеттерінің клиникаларында, сондай-ақ Анкарадағы Гази университетінің клиникасында 2 апталық тағылымдамадан өткен болатын. Мамандар білгендерін өңірдегі әріптестеріне үйрететін болады.
Бүгінгі таңда облыста 5526 дәрігер, 18924 орта буын медицина қызметкері бар. Денсаулық сақтау министрлігімен 2021 жылы өңірімізге 194 жас маман дәрігерлер жолданып, олардың 180-і жұмысқа орналасты.
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті елімізді жас медицина мамандарымен қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *