САУРАН АУДАНЫНА 500 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТУРИСТ КЕЛГЕН

САУРАН АУДАНЫНА 500 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТУРИСТ КЕЛГЕН
Сауран ауданы құрылғалы бері, ескі қалашыққа 201 692 турист келген. Бұл Әзірет-Сұлтан қорық-музейінен билет алып, ресми түрде тіркеліп келгендер саны. Пандемия жағдайына қарамастан, жалпы Сауран ауданына 2021 жылы 480 657 турист келген.
Оның ішінде, Сауран қалашығына келгендер – 201 692 , Үкаша ата кесенесіне келгендер саны – 240 023, Жылаған атаға келгендер саны – 2000, Жүсіп ата кесенесіне – 36 642, ал Имам Мархозы кесенесіне 300 адам келген.
Ауданның туризміне кіретін Сауран, Үкаш-ата, Жылаған ата тарихи орындарынан басқа, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК қарамағына кіретін 52 тарихи-мәдени нысан бар. Сол тарихи мұраларды Сауран ауданының теңгеріміне алу үшін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тиісті жұмыстар жүргізуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *