Шымкентте әйел зорламақ болған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған
Шымкентте әйел зорламақ болған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған
Полиция күдіктінің жеке басы анықталғанын, оның жуық арада ұсталатынына сенімді екенін жеткізді.
Шымкентте тұрғын үй подъезіне әйелдің артынан іле-шала кірген ер адам оған тұтқылдан тап берді, деп хабарлады zakon.kz.
Бұл оқыс оқиға 17 желтоқсанда түнгі сағат 23: 15-те Шымкенттің №17-ші ықшам ауданында болған. Қаскөйдің әрекеті түсіп қалған видеоны Отырар TV жариялады.
Ер адам пошта жәшіктерінің жанында тұрған әйелге артынан жақындап келіп, білегімен мойнынан орап, қылқындыра бастайды, сөйтіп естен тандырып, оны жерге құлатады. Одан кейін әйелді шешіндіре бастайды.
Арасында есін жиған әйел қарсылық танытқысы келгенде ер адам оны басынан жұдырығымен бірнеше рет ұрады. Сөйтіп ол оны зорламақ болады, алайда ол бастаған ісін аяқтай алмайды. Видеодан оның сыртқа қарай қаша жөнелгенін көруге болады.
Осы оқиғадан кейін жәбірленуші полицияға арызданған.
⠀
Полиция қылмыскердің түр-әлпетін суретке түсіріп және бақылау камераларындағы жазбалардың көмегімен оның ізіне түскен.
Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі zakon.kz редациясына күдіктінің жеке басы анықталғанын айтты. Ол бірнеше рет сотталған ер адам болып шықты, қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оны іздеп жатыр.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды (Қылмысқа дайындық және қылмысқа оқталу. 3-бөлім — қылмыс адамның еркіне байланысты емес жағдайларға байланысты аяқталған жоқ).