«Төсекке байлап, ұрып-соққан». Павлодардағы балалар орталығында түсірілген видео тарады

«Төсекке байлап, ұрып-соққан». Павлодардағы балалар орталығында түсірілген видео тарады

Видеодан алынған кадрВидеодан алынған кадр

Павлодарда психоневрологиялық орталықтың қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларды жәбірледі деп айыпталып жатыр, — деп хабарлады «Бірінші Еуразия арнасы».

Телеарнаның мәліметінше, прокуратура өкілдері видеоға қатысты тексеріс жүргізген. Видеода қызметкерлердің балаларды төсекке байлап қойған күйі жатқызатыны көрінеді.

Байлаулы жатқан балаларға өзге балалар көмектескен.

«Прокуратура жүргізген тексеріс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Орталықтың төрт қызметкері 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді, бір қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. 13 қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеуде», — деді облыстық прокуратура басқармасының басшысы Асхат Қоқымбаев.

Телеарна мәліметінше, бұл мекеме Павлодардың шет жағында орналасқан. Адам аса көп жүре бермейді екен, қоғамдық көлікте мұнда келмейді дейді.

Енді кінәлілер сот алдында жауап береді.

https://kaz.tengrinews.kz/events/tosekke-baylap-uryip-sokkan-pavlodardagyi-balalar-308963/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *