ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ҮШІН ҰСЫНЫСТАР ӘЗІРЛЕНУДЕ
ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ҮШІН ҰСЫНЫСТАР ӘЗІРЛЕНУДЕ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов өткен жылы атқарылған және 2022 жылы жүзеге асырылатын жұмыстар бойынша есеп берді.
Басқарма басшысы өткен жылғы барлық көрсеткіштер бекітілген межеден асыра орындалғанын жеткізді. Атап айтқанда, жұмыскерлер арасында жазатайым оқиғалар 2020 жылға қарағанда 37,2% төмендеді. 80 кәсіпорындағы 3 085 жұмыскерлердің 384 млн.теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтелді. 1 640 ұжымдық шарт мониторингтен өткізілді, ірі және орта кәсіпорындарда 2993 кәсіпорындар электрондық еңбек шарттарын енгізу жоспарланып, ол 31,3% асыра орындалды.
Биыл жергілікті еңбек күшін арттыру мақсатында жұмыскерлердің еңбек құқықтарының қорғалуын жетілдіру мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленетін болады:
✅ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ұсыныстар;
✅көлеңкелі экономикадағы еңбек табыстарын ресми бағыттарға өткізуді көздейтін ұсыныстар;
✅төмен жалақы деңгейін көтеруді көздейтін ұсыныстар әзірленеді;
✅жалақы қарыздарын болдырмау және еңбек дауларының алдын алу мақсатында мониторинг ұйымдастыру;
✅әлеуметтік және медициналық әлеуметтк сақтандыру қорларынан түскен ақпараттарды саралау;
✅проблемалық кәсіпорындардан тікелей мәліметтер жинақтау арқылы іске асырылу көзделеді.
Одан бөлек, биыл еңбек құқықтарын қамтамасыз ету бағытында жеке және заңды тұлғалардың 1300-ден аса арыз-шағым, жолданымдары қаралады. Қала аумағында ведомствоаралық сипатта іс-әрекет етуші Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі құрылған үш жақты комиссия жұмыстары күшейтілмек.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі еңбек ұжымдарында, өндірістік кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайлары және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, төменгі жалақы мөлшерін көтеру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыруды тапсырды. Кәсіпорындарда жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына көңіл бөлуді, олардың еңбек шарттарының бұзылмауын бақылауға алу қажеттігін айтты.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі