ТҮРКІСТАН: ЭТНОАУЫЛДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ТУРИСТЕРДІ ТАМСАНДЫРДЫ

ТҮРКІСТАН: ЭТНОАУЫЛДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ТУРИСТЕРДІ ТАМСАНДЫРДЫ
Возможно, это изображение 3 человека, шляпа, шляпа-котелок, очки и памятник
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласындағы Арыс қаласының үш күнге жоспарланған мәдениет күндері қорытындыланды.
Возможно, это изображение 8 человек, люди занимаются боевыми искусствами, легкая атлетика и текст
Шараның соңғы күні Этноауыл аумағында Арыс қаласының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар асық ату, ләңгі тебу, гір көтеру, қол күресі және садақ ату сынды спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Этноауыл аумағына келген туристер аталмыш шараны тамашалап қана қоймай, түрлі сайыстарға да қатысып, бақ сынады.
Возможно, это изображение 10 человек и люди играют в баскетбол
Арыс қаласы мәдени көшінің шымылдығы 21 шілде күні Этноауыл аумағында қолөнер шеберлері туындыларының көрмесі мен салт-дәстүрлер көрінісімен басталған болатын.
Возможно, это изображение 10 человек, шахматы, детская игрушка и текст
Шараның екінші күні облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап Travel-2023» акциясы аясында Арыс қалалық кітапханасы көрмесі жасақталып, «Visit Turkistan» орталығы алаңында арыстық өнерпаздарының қатысуымен өткен гала-концертпен жалғасты.
Возможно, это изображение 2 человека, люди играют в баскетбол, сигвей, трава, памятник, баскетбольная площадка и парк
Мәдени кеште көне Яссы қаласының көрінісі сахналанып, Арыс қаласынан шыққан танымал тұлғалардың туындылары мен күмбірлеген күй және мың бұралған биі қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлаған болатын.
Возможно, это изображение 15 человек и люди занимаются боевыми искусствами
Сәуір айында басталған фестиваль мақсаты – ұлттық мәдениет пен өнерімізді дамыту, Түркістанның туристік әлеуетін дамыту болып саналады.
Возможно, это изображение 7 человек
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *