«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 100-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚҰЖАТ ТАПСЫРДЫ

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 100-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚҰЖАТ ТАПСЫРДЫ

slider
«Болашақ» бағдарламасы аясында Түркістан облысынан 100-ге жуық мұғалім мен дәрігер өтінім білдіріп, тест тапсырған. Олар алдымен қазақ тілі, психологиялық тест және онлайн тілдесу арқылы 3 кезеңнен өтті. Нәтижесінде, екі азаматтың бағы жанып, тәжірибесін болашақта туған жерінде, өз қызметінде қолданады.

Түркістан қалалық орталық ауруханасының хирург маманы Абай Түймебаев пен Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының хирургі Бауыржан Оспанов Израильдің Хайфа қаласындағы оқу орнында білімін жетілдірмек. Олар алдағы апта ішінде жол жүріп, 3 ай білім алатын болады.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алу мүмкіндігіне ие болған грант иегерлерін қабылдап, сәттілік тіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *